• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Желтоқсан, 2018

Қостанай облысындағы  полиция бөлімдерінде фронт-офистер ашылды

362 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы 13 аудандық және қалалық полиция бөлімдерінде фронт-офистер ашылып, жұмысын бастады. Облыстық Подиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, олар алғашында техникалық режимде ғана жұмыс істеген еді, желтоқсан айының басынан бастап, азаматтарды қабылдай бастады. Олардың өзі де «азаматтарды қабылдау» кеңсесі болып табылады. Облыста жыл аяғына дейін тағы да үш фаронт-офис ашылатын болады.

Алғашқы фронт-офис облыстық полиция департаментінде ашылған болатын. Бұл қолайлы ғимаратқа азаматтар келіп, арыздарын береді, анықтамалар алады. Олардың әрқайсысында жиырмадан аса мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Аудандар мен қалаларда жұмысын бастаған әр фронт-офисте қолайлы күту залы бар. Мысалы, Рудный қаласындағы фронт-офисте бүгінге дейін 1000 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қостанай облыстық полиция департаменті тылды қамтамасыз ету басқармасының бастығы Анатолий Чуйконың айтуынша, мұндай қабылдау офистері Елбасы Жолдауларында айтылған жоспарлы сервистік модельге өтуге жағдай жасайды. Жұмысты бұлай жаңаша ұйымдастыру азаматтардан түсетін арыздарды қабылдаудың мөлдірлігін қамтамасыз етеді. «Азаматтарды қабылдау» кеңсесінің тиімділігін Әкімшілік полициясы басқармасының бөлім бастығы Абзал Болатов айтты. Оған күн сайын ондаған азаматтар келеді. Фронт-офистің арқасында азаматтардың арызын қабылдау уақыты 10 минутқа қысқарды. Мұны келушілер де байқап, жақсы бағаларын беруде.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай